Константин Симонов
Күт мені, сонда мен келемін...

Күт мені, сонда мен келемін,
Тек қана күт мені,
Күт мені, мұң шалса қабағың,
Жаңбырға өтпелі!
Күт мені, қар жауған боранда,
Ыстықта, күт мені
Өзгелер күте алмай, содан да
Шыдамы біткелі!
Күт мені, ең шалғай жолдардан,
Келмесе хат егер.
Күт мені, солғанша соңғы арман,
Сол ғана әкелер!

Күт мені, сонда мен келемін,
Жақсылық кез келер,
Күтетін тек қана сен едің,
Десе де өзгелер!
Ана мен баласы бір сене,
Мен енді келмес деп.
Достарым күте алмай жүрсе де,
Оларға сенбес тек,
Күтерсің, тойлама үздігіп,
Жаныңды шаншыма,
Алдаған емес қой бізді үміт,
Сәл шыда!

Күт мені, сонда мен келемін,
Сен үшін, сен үшін,
Өлімді бәрібір жеңемін!
Ол сенің жеңісің!
Күтпеген жандардың барлығы
Болған ғой жолы деп,
Шыққанда паң қарап зарлы үні,
Өкінсін соңғы рет!
Күтумен сағынып,
Құтқарған сен мені кезде де,
Жұрт жүрсін қамығып,
Тіл қатпа, айтпаспыз өзгеге!
Жарасып жұбымыз жалғанда,
Жар болсын - Құдайым!
Бастысы,
Өзгелер күте алмай қалғанда,
Сен ғана күткенсің шынайы!
Күткенсің шынайы!

Дастан Омаров

Константин Симонов
Жди меня, и я вернусь... 🔈

Жди меня, и я вернусь.
Только очень жди,
Жди, когда наводят грусть
Желтые дожди,
Жди, когда снега метут,
Жди, когда жара,
Жди, когда других не ждут,
Позабыв вчера.
Жди, когда из дальних мест
Писем не придет,
Жди, когда уж надоест
Всем, кто вместе ждет.

Жди меня, и я вернусь,
Не желай добра
Всем, кто знает наизусть,
Что забыть пора.
Пусть поверят сын и мать
В то, что нет меня,
Пусть друзья устанут ждать,
Сядут у огня,
Выпьют горькое вино
На помин души...
Жди. И с ними заодно
Выпить не спеши.

Жди меня, и я вернусь,
Всем смертям назло.
Кто не ждал меня, тот пусть
Скажет: — Повезло.
Не понять, не ждавшим им,
Как среди огня
Ожиданием своим
Ты спасла меня.
Как я выжил, будем знать
Только мы с тобой, —
Просто ты умела ждать,
Как никто другой.

  • Konstantin Simonov
Стихотворение Константина Симонова «Жди меня, и я вернусь...» на казахском.
(Konstantin Simonov in kazakh).